Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 21-22 мамыр аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясын онлайн-форматта өткізеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өңір тұрғындарының заң саласында кездесетін түйінді мәселелерін дер кезінде шешу болып табылады.
Акция барысында полиция қызметкерлері азаматтарды қызықтырған сұрақтарға Шымкент қ. ПД-нің Instagram және Facebook ) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жүргізілетін тікелей эфир арқылы жауап беретін болады.
«Жолда қабылдау» акциясының 1-ші күнінде (21-мамыр):
сағат 10:00 – 10:40 аралығында тікелей эфирде Шымкент қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасына қарасты әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Әпентаев Мақсат Оралбайұлы әкімшілік айыппұлдар бойынша сұрақтарға жауап береді;
сағат 16:00 – 16:40 аралығында Шымкент қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессинг орталығының инспекторы полиция майоры Турапбаев Жанат Нурпапаевич жүргізуші куәлігін беру және көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу жөніндегі сұрақтарға жауап береді.
Сонымен қатар, акция уақытында тұрғындар 8 (708) 345 65 74 телефон нөміріне хабарласып, өз мәселелері бойынша кеңес ала алады.