Бұл туралы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бекен Мақұлбаев мәлімдеді.
–Жыл сайын жылыту құрылғылары 24-ші наурызда өшірілетін. Синоптиктердің болжамына сәйкес Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен, биыл жылыту маусымы 1-ші сәуірге дейін ұзартылды. Бірақ ауа температурасының минустық мәніне дейінгі төмендеу қаупі болғандықтан, жылыту маусымын 5-ші сәуірге дейін тағы ұзарттық, -деді Бекен Мақұлбаев.
Айта кетейік, Шымкентте жылыту маусымы 15-ші қазанда басталған болатын.