Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар

Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

  • «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.
  • «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісіжобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
  • Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
  • 1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.
  • «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі