Шымкенттегі «AZALA textile» – отандық бренд

Шымкенттегі «AZALA textile» – отандық бренд

Шымкент қаласындағы «AZALA Textile» ЖШС-і Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көшбасшыларының бірі балып қана қоймай, алыс-жақын шет елдерге өз тауарларын экспортқа шығаруда, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазақстандағы толық циклдегі жалғыз тоқыма фабрикасы - «AZALA Textile» ЖШС-і – өз атауын зауыт басшысының балаларына деген қамқорлығының нышаны ретінде алды. Өндіріс иесі кәсіпорынның атауын өзінің 5 қызының есімдерінің алғашқы әріптерінен құрды: Айсұлу, Зере, Аружан, Ләззат, Айшабибі.

Жылына 2 800 тоннадан астам иірімжіп, дайын және қатты матаның 14 миллион метрін шығаратын өндірістік қуаты бар тоқыма комбинаты үшінші мегаполисте орналасқан.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде комбинаттың өндірістік қуаты кеңейтілді. Нәтижесінде бояу-өңдеу және тігін цехтары қосылды. Қайта жаңартудан кейін «AZALA Textile» ЖШС-і комбинаты еліміздегі мақта талшығын қайта өңдеуді және дайын мақта-мата бұйымдарын шығаруды қамтитын толық өндіріс циклі бар алғашқы өңдеу тоқыма кәсіпорны боп танылды.

Бүгінде мақта-мата комбинаты өнімнің кең ассортиментін шығарады. Бұған дайын өңделген маталар, түкті және вафельді сүлгілер мен ақжаймалар, сондай-ақ төсек-орындар кіреді.

Өнеркәсіп 2015 жылы «Кәсіпкерлік саласындағы үздіктер» атты конкурста жеңімпаз атанды. Ал 2018 жылы «Үздік индустриялық жоба -2018» номинациясында «Алтын Сапа» Ұлттық сыйлығын алды.

«AZALA Textile» ЖШС-нің ұзақ мерзімді стратегиясы бәсекеге қабілетті өнімнің ассортиментін кеңейтуге және жоғары сапаға негізделген. Комбинат ел ішін және шетелдерді «Made in Kazakhstan» брендімен шығатын жоғары сапалы өніммен толтыра отырып, тоқыма нарығының жаңа сегменттерін дәйекті түрде игеруде.

«AZALA» өнімдерін Шымкент қаласындағы сауда орталықтары мен базарларын таба аласыздар. «AZALA Textile» өнімдері туралы толық ақпаратты www.azalatextile.kz сайтынан көруге мүмкіндік бар.