ШЫМКЕНТТЕГІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА "SMART МЕКТЕБІ" АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕГІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА "SMART МЕКТЕБІ" АШЫЛДЫ

Кішкентай пациенттерге арналған мектепте осында ұзақ мерзімде ем алатын, оның ішінде онкологиялық дертке шалдыққан балалар білімін жетілдірмек. Мамандардың айтуынша, қаладағы медициналық ұйымдар арасында мұндай мектеп алғаш рет ашылып отыр.

Балалар мұнда бейнелеу өнері, жеңіл құрылыс және робот техникасы, ағылшын тілі, қолөнер, шахмат немесе дойбы сияқты үйірме-сабақтарға қатыса алады. Балғындардың жан-жақты дамуы үшін мұнда қолайлы жағдай қарастырылған.

– Онкогематологияда ем алатын балаларымыз үшін бұл зор мүмкіндік болды. Өйткені балалардың психологиялық-эмоционалды көңіл-күйін көтеруге, емдеуге бұл оқу орталығы көп көмегін берер деген үміттеміз, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Айта кетейік, бұл қайырымдылық жобасы Help Today қоғамдық қоры арқылы жүзеге асып отыр.