Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты 1 желтоқсан күні ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бүгінгі таңда қаламызда 10 халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 3 мамандандырылған бөлім бар, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады.
Электронды анықтамалар мен қызметтерді, мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден алуға болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, 16-17 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.