Шымкенттің бас дәрігері үндеу жасады

Шымкенттің бас дәрігері үндеу жасады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов шымкенттіктерге үндеу жасады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһардың бас дәрігері Қазақстанға коронавирус індетінің Үнді штамы келгенін және қалада эпмдемиологиялық ахуал тұрақсыз екенін айтты.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанға коронавирустың Үнді штаммы келді. Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз. Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда, -деді Б.Позилов.

Сонымен бірге вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде КВИ-ден қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін алға тартты.

– Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз,- деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, қалада өткен тәулікте 17 азамат коронавирус жұқтырған. Оның 15-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған.