Шымкентте Отбасы күні мерекесі аясында Family fest отбасылық фестивалі өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен өткен фестивалге қаламыздағы шағын және орта кәсіп иелері белсенді атсалысты. Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрмеде ұсынып қана қоймай, отбасылық ойындар ұйымдастырды.
Таңертеңнен басталған фестиваль кешке дейін жалғасты. Кеш соңында эстрада жұлдызы Дастан Оразбеков өнер көрсетіп, Хомяк есімімен танымал болған тик ток блогері Алина Ким жанкүйерлерімен кездесті. Танымал блогерден балалар қолтаңба алды. Қала тұрғындары керемет кешті тамашалап қана қоймай, отбасылық ойындарда белсенділік танытып,, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, шымкенттік кәсіпкерлер бұл жобаны жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алмақ. Себебі жобаның тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де, қала экономикасына да әсері зор.