Шымкентте ипотекалық тұрғын үй алуға банктің мақұлдау туралы хаты негізінде тұрғын үй сертификатын иеленген азамттар саны 30-ға жетті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының жекешелендіру және несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы Гүлнар Әшірбаева мәлімдеді.
Әзірге тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына сәйкес келген қала тұрғындарының басым бөлігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» несиелік бағытыныңқатысушылары.
Қазіргі таңда www.кezekte.kz интернет порталы арқылыжалпы саны336 азаматтан тұрғын үй сертификатына өтінім келіп түскен. Оның ішінде 268 өтінім бойынша тұрғын үй сертификатын берудің жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуі себепті бас тартылған.
Тарқатып айтар болсақ, 178 азамат құжаттарын толық жібермеген. 11 өтінім иесінің деректері анық емес, ал 79 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына мүлде сәйкес келмеген.
Айт кетсек, құжаттарын толық жібермеген және деректері анық емес азаматтартұрғын үй сертифкатына қайта өтінім жібере алады.