Шымкенттік 82 жастағы қария сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Шымкенттік 82 жастағы қария сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Айқап шағынауданында орналасқан №79 сайлау учаскесінде сайлаушылар белсенділік танытып,  еліміздің жарқын болашағы үшін таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде таңнан бері 200-ге жуық тұрғын дауыс берген.  Солардың бірі –  82 жастағы қария Мекенбай Джолдасов.

– Сайлау – еліміздегі маңызды саяси науқан. Мен еліміздің болашағы, Отанымыздың өркендеуі үшін дауыс беруге келдім. Биылғы сайлау ұлттық мерекеміз Ұлыстың Ұлы күнімен тұспа-тұс келіпті. Сенім білдіріп, үміт артқан азаматтарымыз еліміз үшін қызмет етсін. Қазақстанымыз өсіп-өркендесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік ел болсын! - деп қария ақ батасын берді. 

Айта кетейік №79 сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмысын бастады. Халықтың ел болашағына бей-жай қарамайтындығы көңіл қуантты.