Шымкенттік бүлдіршіндер кавасакиден айықты

Шымкенттік бүлдіршіндер кавасакиден айықты

Шымкентте кавасаки синдромына шалдаққан балалар аурудан айықты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Дәрігерлердің сөзінше, кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балалар үйдегі ересектерден коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар ауыр халде қалалық клиникалық балалар ауруханасына түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияның асқыну салдырынан науқастардан мультижүйелі қабыну синдромы анықталған.

Ауру белгісі анықталған 5 бала да ауыр халде жансақтау бөлімінде орналастырылып, жеті күндей аппаратта жатып, денсаулығы жақсарған соң палатаға шығарылған.

Дәрігерлердің жүргізген емнің нәтижесінде науқас балалардың денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

- Кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балаларды емдеу үшін републикалық деңгейдегі білікті мамандармен консилиум өткізіп, емдеу шаралары бойынша кеңес жүргіземіз. Ал бізде ем алған балалар ауруханадан шыққан соң тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының бақылауына алынды. Сондай-ақ, үш науқас біздің клиникада оңалту емін алды, - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Жантасова Әсел.

Маңызды ақпар, медицина мамандары баланың дене қызуы 38,5-тен жоғары болуы, іш ауыруы, құсу, жүрек айнуы, денедегі бөртпе дақ, жөтел пайда болса, міндетті түрде дәрігер шақырту қажеттігін ескертеді. Өйткені, бұлар – кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромының белгілері. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі де ықтимал.