​Шымкенттік боксшы Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

​Шымкенттік боксшы Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Испанияның Кастельоне қаласында бокстан Boxam халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ақтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың алтын медалін шымкенттік Сабырхан Махмуд жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Испания өкілі Габриэль Эскобармен кездесу өткізді. Жекпе-жек Махмудтың жеңісімен аяқталды. ⠀

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит Испанияның қарсыласы Эммануэль Пла рейске жол берді. Осылайша қазақстандық турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов және Нұрлан Сапарбай Қазақстан командасының активіне төрт қола медаль әкелген болатын.