Шымкент қалалық №2 ауруханасында алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне ота жасалды.Дәрігерлер жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету арқылы 72 жастағы қарияны аман алып қалды.
Науқас соңғы 2-3 айда сол жақ аяғының әлсіреуі салдарынан жүре алмай қалған. МРТ және басқа да медициналық тексеру нәтижелері зейнеткерде мидағы ісікті анықтайды.
Инновациялық технология қолданылған күрделі отаны аурухананың нейрохирург -дәрігері Еркін Медетов жасады.
Дәрігердің айтуынша, нейронавигациялық құрылғы ісікті 0,1мм дейінгі аса дәлдікпен көрсетіп, науқастың өміріне қауіп пен қан жоғалту ықтималдығын азайтады. Ота барысында заманауи нейронавигациялық жүйе көмегімен үздіксіз мониторинг жасалып отырады және мидың тамырлары мен маңызды аймақтарын толық сақтап қалуға болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалған күрделі ота сәтті өтті. Пациент таяу күндері ауруханадан шығады және дәрігерлердің нұсқауын орындап, бақылауда болуы тиіс.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент#фсмсшымкент#осмсшымкент#
«Шымкент келбеті»