Шымкенттік кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға түйе етін таратты

Шымкенттік кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға түйе етін таратты

Бүгін «Ақмешіт» орталық мешітінде «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында 300-ге жуық отбасыға түйе еті мен азық-түлік себеттері таратылды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

- Шымкенттік кәсіпкерлер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 күн оразада 30 түйе сойып әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратуға ниеттеніп отыр. Бүгін 4 түйе сойып, етін жіліктеп, жеткенінше мұқтаж отбасыларға бердік. Бұл игі бастама ай соңына дейін жалғасады, - деді Қазыбек Сарыбаев «Ақмешіт» орталық мешітінің найб имамы.

Қайырымдылық жасаған жомарт жандар өз есімдерін жарияламауды жөн көрген екен. Жергілікті кәсіпкерлер алдағы уақытта да мұқтаж отбасыларға көмектесетінін айтқан.

Айта кетейік, ет пен азық-түлік себеттері белгіленген тізім бойынша беріледі. Егер тізімге енбеген отбасылар келіп сұраса, оларға да үлестіріледі.

Түйе етіне алушылар «Ақмешіт» орталық мешітіне барып алса болады. Ал азық-түлік себеттерінқаладағы 6 мешіттен (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) алуға болады.