Шымкенттік оқушы жаңа сейсмотұрақтылық құрылғысын ойлап тапты

Шымкенттік оқушы жаңа сейсмотұрақтылық құрылғысын ойлап тапты

Шымкенттік Айтжан Ізет атты оқушы жер сілкінісі кезінде ғимарат тепе-теңдігін ұстап тұра алатын құрылғы ойлап тапты. Айта кетейік, қазіргі таңда ең жақсы дамыған деген сейсмотұрақтылықтылыққа арналған технологиялар басқа да дамыған елдерде де бар. Соның бірі амортизацияланған тақтайшалар. Бірақ бұл заттың өте үлкен кемшілігі - ол оның тек бір бағытта ғана тепе-теңдік ұстай алуы. Жер сілкініс кезінде вертикальді де, горизонтальді де қозғалады. Осындай қозғалысқа төтеп беретіндей әлі күнге дейін құрылғы жасалмаған.

Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназияның оқушысы Айтжан Ізет ойлап тапқан – бұл құрылғы жер вертикальді және горизонтальді бағытта сілкінісі де, ғимараттың сейсмотұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі – оның созылғыштығында. Егер жер сілкінісі кезінде жер мен ғимарат арасындағы ара қашықтық ұлғаятын болса, тізбек те ұзара түседі.

Құрылғы 2 симметриялы бөліктен тұрады. Бірінші корпусы, яғни горизонталь орналасқан бөлігі, ол жерге бекітіледі. Екі кубтың арасында айналмалы цилиндр орналасады. Дәл осы цилиндр жердің тербеліс кезінде қозғалыста болып, ғимараттың тепе-теңдігін сақтап тұрады. Аталмыш құрылғы “Тұрақтандырғыш” деп аталды.

Шымкенттік оқушының бұл еңбегі архитектура саласына үлес қосады деп сенеміз.