Шымкенттік спортшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шымкенттік спортшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шымкенттік спортшы Елизавета Безрукова Түркияда өткен стенд және оқ атудан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жарыс 29-30 қаңтар аралығында онлайн форматта өтті. Онда Елизавета Безрукова 629,5 ұпайымен екінші орынды иеленді.

Чемпионатқа әлемнің 18 елінен спортшылар қатысып,өз шеберліктерін көрсетті.