Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында топ жарды

Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында топ жарды

Ақтөбе қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған сайыста Шымкент құрама командасының спортшылары 6 медаль олжалады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Атап айтсақ, 60 келі салмақта Нұргелді Бақдәулет, 65 келі салмақта Қадыр Нұрдәулет, 75 келі салмақта Айдархан Нұрдәулет жеңімпаз атанды. Ал 75 келі салмақта Әбсаттар Дәурен күміс жүлдегер атанса, 65 кг салмақта Анықбай Беймен мен 110 келі салмақта Мұхамбетов Рысдәулет қола медальді иеленді.

Айта кетейік, бұл чемпионат күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылған. Шараны ұйымдастырушылар аталмыш дода жас талантты спортшылардың танылуына жол ашқанын атап өтті.