1-6 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында 2005-2006 жылы туылған жасөспірім арасында бокстан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жарысқа Шымкент құрама командасынан 21 спортшы қатысты. Оның 4-і жеңіс тұғырынан көрінді.
Айдар Қадырхан 48 келі салмақта 1 орынды иеленсе, Төрехан Сабырхан 52 келі салмақта алтыннан алқа тақты. Ал 50 келі салмақта шаршы алаңда өнер көрсеткен Жасұлан Тілеуімбет мен 52 келі салмақта жұдырықтасқан Нұрасыл Оралбаев қола жүлдені қанағат тұтты.