Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

Шымкент қаласындағы жол-көлік колледжінің студенті Лейман Станислав механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын  құрылғы жасады. Бұл ғылыми жоба Павлодар қаласындағы «ХХІІІ Сәтпаев оқуларында» үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын тудырған.

Құрылғыны жасаудағы басты мақсат механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады. Мәселе, электр энергиясына, яғни арнайы ток көздеріне  қол жетімсіз жағдайларда, табиғат аясына демалуға және ұзақ жолды сапарларға шыққанда байланыссыз, жарықсыз қалған уақытта жарық көзі ретінде пайдалана аласыз. Кез-келген орында көліктің электр қораптарын, аккумулятор және ұялы телефонды қуаттап алатын болғандықтан, бұл құрылғыны қол генераторы деп атаса да болады.

Әлемде тұрмыстық техникалардың көптеп дамуына байланысты электр энергиясының тапшылығына дабыл қағылуда. Станислав осы ғылыми жобасы арқылы еліміздің экологиясын қорғауға, электр энергиясын үнемдеуге өз үлесін қосады деп білеміз. Республикалық және халықаралық екі ғылыми-практикалық конференцияда жобаны сәтті қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталған жас ізденушіге физика пәнінің оқытушысы, ұстазы Гүлжан Ағабекқызы жетекшілік еткен.