Шымкенттік таэквондошылар ел чемпионы атанды

Шымкенттік таэквондошылар ел чемпионы атанды

Тәуелсіздіктіңи 30 жылдығына орай Талдықорған қаласында Олимпиадалық таэквондодан (WT) ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жарысқа Шымкент қаласынан 18 спортшы 12 салмақ дәрежесінде қатысып, 4-алтын, 5-күміс, 5 -қола медаль жеңіп алды. Бұдан басқа олар командалық жүйедегі бас жүлдені құрама қоржынына салды.

Туған елге жеңіспен оралған жеңімпаздарды, таэквондо федерациясының Президенті Нұрсұлтан Рашидұлы арнайы құттықтап, марапаттады. Жеңімпаз спортшыға федерация тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Алтын медаль алғандар:

Темірхан Самат 54 кг

Лес Абдуссамат 74 кг

Дүйсебай Смайыл 87 кг

Ергешова Феруза 73 кг

Күміс медаль иегерлері:

Абабакиров Самирхан 54 кг

Дуйсенов Шамсат 58 кг

Қожахмет Нұрқанат 80 кг

Ирисметова Зиеда 46 кг

Нарбаева Ясмина 57 кг

Қола медаль иегерлері:

Бақтиярұлы Қазыбек 63 кг

Қожахмет Алмат 68 кг

Бақберген Нұрсат 68 кг

Марипов Абдурахман 74 кг

Усманова Асель 49 кг

КШВСМ спорт кешенінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға арналған рәсім өтті. Салтанатты жиынға Шымкент құрама командасының бас бапкері Давран Розметов, федерацияның атқарушы директоры Бектұр Өтебаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, Азия чемпионатына табыс тіледі.