Волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті.
Сайыста Шымқаланың арулары асқан басымдықпен жеңіске жеткенін мақтанышпен айта аламыз. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарымызды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр.
Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді.
Шымкенттік волейболшы қыздардың алтын медалі құтты болсын! Ендігі мақсат Ұлттық лигада қаламыздың намысын лайықты қорғау. Осы команданы жеңістің биік тұғырына алып шыққан “Шымкент ойын түрлерінен спорт клубының” бапкерлеріне сәттілік тілейміз!