«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жыл басынан бері ең көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.
Үшінші мегаполисте жыл басынан бері халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтің бірі – автокөлікті қайта тіркеу қызметі болып анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша шымкенттіктер 59 мың көлікті қайта тіркеген.
Ал екінші орында – электронды цифрлық қолтаңба беру қызметі. Жыл басынан Шымкент ХҚО-ларында 44 мыңнан астам ЭЦҚ берілген.
Үшінші орынға жеке куәлік пен паспорт беру қызметі жайғасты. Аталған құжаттарды 42 мыңнан астам азамат рәсімдеген.
Жүргізуші куәлігін алуға немесе ауыстыруға деген ұмтылыс біздің рейтингімізде төртінші орында тұр. Шымкент қаласы мамандандырылған ХҚО-ларына бұл қызметке 37 мың адам жүгінген.
Соңғы бесінші орында жылжымайтын мүлік иелері: жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі үшін 18 мыңға жуық адам жүгінген.
Осы ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қаласы бойынша филиалының алдын ала мәліметтері бойынша ХҚО арқылы жыл басынан бері 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері «ХҚКО» қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ, Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы онлайн алуға мүмкіндік бар.