18 тамыз – ел тыныштығы үшін күні-түні күзетте тұрған Шекарашылар күні. Мереке қарсаңында ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің шекаралышыларына мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ұлттық әскери-патриоттық әндер шырқалып, абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар марапатталды. Жиын барысында шекара қызметінің ел үшін маңыздылығы және батыр қолбасшылар туралы деректер айтылды.
- 1992 жылдың тамызында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Шекара әскері құрылды. Содан бері олар елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтауда абыройлы қызмет атқарып келеді. ҚР мемлекетінің шекарасын күзету әр адамның, әр азаматтың міндеті деп ойлаймын. Өйткені бірінші мемлекет шекарадан басталады. Оны күзету міндет,-дейді ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің Тәрбие-идеологиялық кадрлық жұмыстар басқармасы жөніндегі департамент басшысының орынбасары под-полковник Дулат Болатұлы.
Салтанатты жиында ҰҚК Төрағаның құқығымен департаменттен 25 әскери-қызметші, Шекара қызметі директорының құқығымен 35 әскери-қызметші марапатталды. Ал, Департамент бастығының құқығымен 250 әскери-қызметшіге алғыс хат табысталды.
Шымкент келбеті