Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде, деп хабарлайды shymkentaqparat
Шымкент қалалық Жедел басқару орталығының мәліметінше, бейнебақылау тобының инспектоларымен сыртқы бейнекамералары арқылы 8 қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – алты, бұзақылық – бір, ұсақ-түйек жымқыру – бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
–Ағымдағы жылдың 18-24 қаңтар күндері аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына әр түрлі сипаттағы 6 324 қоңырау шалынды. Оның 2424-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Жедел басқару орталығының басшысы Тимур Топшиев.
Сондай-ақ, қалада бір жеті ішінде нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 896 жайт анықталып, хаттамалар толтырылған.