Қала тұрғындарының күнделікті қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету – жол инфрақұрылымын дамытудағы басты міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Сырым батыр көшесінен Көкшетау көшесіне қарайғы оң жақ өткелін ұзарту жұмыстары жүргізілді.
Бәйдібек би даңғылымен қозғалған көліктер оң жақ өткел арқылы Сырым батыр көшесіне түсіп, Шымсити шағынауданына тікелей әрі тез жете алады. Осыған байланысты, көлік ағынын тиімді реттеп, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл өткелді ұзарту қолға алынып отыр.
Басқарма тарапынан атқарылып жатқан әрбір жұмыс тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан мұндай жобалар кезең-кезеңімен жалғасын таба бермек.