Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі, елімізге танымал каратэші Софья Берульцева №23 мектептегі сайлау учаскесінде дауыс берді.
–Мен де басқалар сияқты өзгерістерді күтемін. Қазір жастар өте белсенді. Қазіргі таңда депутаттыққа үміткер жас кандидаттардың бизнес-құрылымдарда тәжірибелері бар. Олардың тәжірибесі экономиканы, кәсіпкерлікті, адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін заңдармен нақты жұмыс істеуге көмектеседі. Үміткерлер арасында спортшылардың да бар екені қуантады. Қазір көптеген аулаларда балалар мен ересектер дене шынықтырумен айналыса алатын спорт және ойын алаңдары бар. Шымкент қаласының өзінде спорттық инфрақұрылымның жаңа нысандарының саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бұл – жүгіру және велосипед жолдары, воркаут аймақтары. Халықты кеңінен тарта отырып, спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен спартакиадаларды өткізуге де назар аударылған. Бұл – жақсы үрдіс. Ол ұлттың сау және спорттық болуына көмектеседі.
Үміткерлерге сәттілік тілеймін! Болашақ депутаттардың пайдалы бастамалары іске асырылсын, - деді титулды спортшы.