Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі

Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.

Қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев биылғы Жолдау жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап бергенін айта келе, мемлекеттік басқару ісін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ендігі ретте әрбір азамат Жолдаудан өзіне жүктелген міндетті жете білуі тиіс.

Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов жаңадан кәсіп бастаушылар мен жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті қолдау бар екенін айтты. Бизнесті ілгерілете отырып, адами капиталды дамыту бойынша өз ойларын жеткізді. Кәсіпкерлерге енді бизнесін дамытуда ешқандай кедергі болмайтынын ұғындырды.

Сонымен қатар, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе, ынтымақтаса еңбек етуге шақырды. Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақовтың айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиындар одан әрі жалғасады.