Дәл осы ұранмен кеше дәстүрлі сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты Рысқұлбеков, Байтұрсынов, Мәметов, Спорт шағын ауданы аулаларында жалғасты, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz
Тазалық шарасында аулалардағы шөп орылып, қураған ағаштар бұталанды. Сондай-ақ, аулалардың маңайы сыпырылып, қоқыстан тазартылды.
Тазалық шарасына аудан әкімдігінің қызметкерлері және табиғат жанашырына айналған 200-ге жуық қала еріктілері атсалысты.
Осы орайда, қала тұрғындарын өздері тұрып жатқан жердің тазалығына немқұрайлы қарамауға, табиғатты ластамауға шақырамыз!