«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы «Таза бейсенбі» іс-шарасы бүгін Абай саябағында жалғасты. AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері және аудандық атқарушы хатшылар, Тұран ауданы әкімдігі, мәслихат депутаттары да акцияға белсене үлес қосты. Жалпы экоакцияға 100-ден астам адам қатысты.
«Тазалық – иманның жартысы» деген. Тұран ауданының төбе биі Сембек Битайұлы қоршаған ортаны таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз екенін, аталған іс-шаралар жастарға үлгі екенін атап өтті. Ардагер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сананы да тазарту керектігін айтады.
Бүгінгі іс-шарада саябақтағы орындықтар, қоқыс жәшіктері сырланып, аумақтағы қоқыстарды шығару жұмыстары атқарылды. Тұран ауданының коммуналдық мекемелері, қоғамдық белсенділер, ауданның ардагерлері де санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы 10-ға жуық техника жұмылдырылды.
Жалпыұлттық жоба басталғалы аудан аумағында 20-дан астам ауқымды іс-шара өткізілді. Онда саябақтар, қоғамдық-әлеуметтік мекемелер аумақтары, өзен-көл арналары қоқыстан тазартылды.
«Шымкент келбеті»