Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен "Таза қала — өзіңнен басталады" акциясы аясында 7 қазан күні жалпықалалық сенбілік өтеді.
Сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармалары және аумақтық органдары тазалық жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді. Ал, аудан әкімдіктері қоқыс жинақталған орындар мен Бадам өзенінің жағалауын тазалауға жауапты болады.
Құрметті қала тұрғындары, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметшілері, еріктілер мен белсенді жастар!
Бәріміз бірге өз қаламызға жанашырлық танытып, сенбілікке біркісідей қатысайық! Қоршаған ортаның тазалығына баршамыз үлес қосайық!