Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияға «Таза Өлке» КММ қызметкерлері мен қаланың ерікті жастары белсенді түрде атсалысты. Ұйымдастырылған шара барысында аумақтардағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналып, барлығы 1 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникамен шығарылды.
Мұндай экологиялық акциялар қоғамдағы тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жастардың экологиялық санасын көтеру мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.