Таза қоғам – таза ортадан басталады

Таза қоғам – таза ортадан басталады

Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында тағылымы мол сынып сағаты өтті. Мазмұны терең бұл сабақ жас ұрпақтың тек сыртқы тазалыққа емес, рухани тазалыққа да мән беруіне бағытталды.

Шара барысында оқушылар тазалықты күнделікті өмір салтына айналдырудың маңызын айта келе, адам жан дүниесінің тазалығы мен әдепті сөздің қоғамдағы орны туралы ойларымен бөлісті. Балалардың ынтасы мен көзқарасынан олардың осы құндылықтарды бойына сіңіріп келе жатқаны айқын сезілді.

Бүгінде лицей ауласы да көпке үлгі. Жақында ғана күрделі жөндеуден өткен мектеп маңы жасыл желекке оранып, көз тартар көрініске айналып келеді. Бұл – ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің жемісі.

— Балалардың бойына тазалықты сіңіру – ең алдымен тәрбие мен еңбекке негізделеді. Тазалық бар жерде тәртіп бар. Біз күнделікті бала бойына осы қасиетті сіңіруге үлес қосып келеміз. Бала бойына осы еңбегімізбен ізгілік қасиет еге алсақ, еңбегіміздің ақталғаны, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Насиба Дусметова.

“Таза Қазақстан” бағдарламасы ел көлемінде қолға алынып жатқан маңызды бастама. Еліміздің болашағы саналатын жасөспірімдердің осы бастаманы қолдап, оны іс жүзінде жүзеге асырып отырғаны қуантарлық жайт. Өйткені, таза орта мен таза оймен ғана жарқын болашақтың іргесі қаланады.

“Шымкент келбеті”