Қала тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, аудан әкімдігі мамандары және қала еріктілері бірлесе табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшаларды саябақтар мен гүлзарларға, көпқабатты үй аулаларына орнатты, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz
-Басты мақсат - табиғат құндылықтарын сақтап, тұрғындарға қоршаған ортаға жанашырлық таныту керектігі туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсетеді. Тазалықты әр азамат өзінен бастаса сүбелі нәтижеге қол жеткіземіз, - деді аудан әкімі аула тұрғындарына.
Аталған лозунгтар шымкенттіктердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді деген үміттеміз.
Қаланың бет-бейнесі - тазалықта. Шаhар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, өз туған жерінің тазалығына үлес қосуға шақырамыз.