Биыл ҚР Ұлттық Банкі Шымкент филиалының депозиттік шоттағы қалдықтары – 742 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде, заңды тұлғалар – 186 млрд.теңге, жеке тұлғалар – 556 млрд. теңгені құрайды. Ұлттық валютада 603 млрд.теңге, шетел валютасында – 139 млрд. теңге сақталып отыр. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде ҚР Ұлттық Банкі РММ Шымкент филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлімдеді.
—2023 жылы бірінші қазандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында ЕДБ-дің 16 филиалы, оның ішінде 64 бөлімше өз қызметін жүзеге асырады. 136 айырбастау пункті, оның ішінде банктердің 73 айырбастау пункті, 63 уәкілетті ұйым жұмыс істейді.
Қала аумағында 15 МҚҰ, 5 кредиттік серіктестік, 49 ломбард микроқаржы қызметін жүзеге асырады. 33 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Теңге Тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады. Ұлттық валютаның дизайны Қазақстанның қазіргі заманын бейнелейді, барлық мемлекеттік рәміздерді, елдің сәулет объектілері мен табиғи ландшафттарының бейнелерін қамтиды. Қазақстан танталы монеталардың жалғыз өндірушісі болып табылады. 2011 жылы біздің кәсіпорын тантал енгізілген монеталар жасауға арналған инновациялық патенттің иегері болды. Тантал қазақстандық монеталардың бірегей ерекшелігіне айналды. Сонымен қатар, бізде танталдың түсін өзгерту бойынша технологиялар бар, бұл бұйымдарды жобалауға кең мүмкіндіктер ашады. Монета сарайының мамандары танталды 18 түрлі түске мен реңкке өзгертудің технологиялық әдістерін ойлап тапты, бұл монеталар дизайнын өзгертудің мүмкіндіктерін кеңейтті, — деді Әнуар Амангелдіұлы.
Айта кетейік, Халықаралық банкноттар қауымдастығының «2011 жылдың үздік банкноты» деп аталатын бірінші наградасы 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік естелік банкнотына берілді.«Қазақ Елі» сериясындағы номиналы 5 000 теңгелік банкнот «2012 жылдың үздік банкноты» деген екінші наградаға ие болды. 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі тағы да «Жылдың үздік банкноты» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Ол «Күлтегін» түркі жазуына арналған номиналы 1 000 теңгелік естелік банкнотқа берілді.
«Шымкент келбеті»