Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» - деді қала әкімі.
Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.