Шымкент қаласында «Global Tech Wave Central Asia» атты халықаралық технологиялық форумы өтуде. Бұл іс-шара- Орталық Азиядағы цифрлық технологиялар, инновациялар, əйелдер көшбасшылығы жəне тұрақты даму тақырыптарына арналған ең ірі өңірлік форумның бірі.
Алаң халықаралық ұйымдар, технологиялық компаниялар, стартаптар, креативті индустрия өкілдері мен жастар бастамаларын біріктірді. Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, тағы басқа спикерлер форумның тəжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен бірге кəсіпкерлікті, IT жəне креативті индустрияларды дамытуға қуатты серпін болатынын атап өтті.
Форумдағы панельдік сессияларда өзекті тақырыптар - нарықтар мен салалардың қазіргі таңда бетпе-бет келіп отырған нақты сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері ашық талқыланды. Атап айтқанда, цифрлық қаржы құралдары, мобильді əмияндар, ашық API жəне жаңа реттеу тəсілдері (Fintech), автоматтандыру, тұрақты өндіріс жəне дəстүрлі өнеркəсіпке цифрлық шешімдерді енгізу мəселелері (Industrial Tech) талқыға түсті.
Секциялық отырыстардағы пікір алмасу жəне жоба көрсетілімдері қатысушыларға тəжірибе бөлісу, сондай-ақ болашақта бірлескен жобаларға негіз қалап, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Өзбекстан мен АҚШ өкілдері нейрожелілер мен мінез-құлықтық талдауды қолдана отырып жүзеге асырылған тиімді жарнамалық компаниялар бойынша өз тəжірибелерімен бөлісті.
Халықаралық форум 14 қыркүйек күні жалғасын табады.
«Шымкент келбеті»