Тіл тазалығы – басты назарда

Тіл тазалығы – басты назарда

Шымкент қаласы «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарында әдістемелік сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара «ҚР Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша Қаратау ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған мониторингтік топтың жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Жұмыс барысында «ҚР Тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Мамандар «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 30-дан астам кәсіпкерлік нысанды аралап, 12 нысанның әкімшілігіне ескерту берді. Сондай-ақ, 10 күн ішінде кемшілікті ретке келтіруді тапсырды.

Мониторнигтік топ мүшелері қала тұрғындарын «ҚР Тіл туралы» заңының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама мен көрнекі ақпаратты көрген жағдайда нысанның фотосын әлеуметтік желілерге орналастырып, олқылықтармен күрес барысында қолдау көрсетуге шақырды.

Еске сала кетейік, Қаратау ауданында 939 кәсіпкерлік нысан орналасқан.