Бұл туралы Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Басқарма басшысының айтуынша, 209,1 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, оның 52,5 мың тоннасы, яғни 25%-ы қайта өңделген. Биыл бұл көрсеткішті 27%-ға жеткізу жоспарланған. Ал 2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу 35%-ды құрайтын болады.
Қаладағы тұрмыстық қалдықты сұрыптап, қайта өңдеумен «ГринЛайн» ЖШС айналысады.
Сонымен қатар инвесторлар есебінен бірыңғай гидрологиялық жүйені жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады. Ағын сулар мен нөсерлі жауын-шашын жиналатын су арналарын реттеу және тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Айта кетейік, қалада 27 су арнасы мен 2 су қоймасы бар.