Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов shymkentaqparat.kz тілшісіне мәлімдеді.
–Еңбек қатынастарының тұрақтылығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуші өзекті сала болғандықтан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үнемі бақыланып отырады. Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 2020 жылы 1207 арыз-шағымдар мен өтініштер қарап, 204 тексерулер жүргізді. Тексеріс барысында - 227 заң бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 118 нұсқама беріліп, 5,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Нәтижесінде 526 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды, - дейді Бауыржан Ахметәліұлы
Сонымен бірге аталған басқарма қызметкерлері тарапынан жүргізілген жұмыстар бойынша өткен жылы қаладағы 66 кәсіпорынның 441 жұмыскеріне 66,71 млн.теңге еңбек ақылары өндіріліп берілген.
Фото: ашық дереккөз