​Төлқұжат пен жеке  күәлік жасату құны өзгерді

​Төлқұжат пен жеке  күәлік жасату құны өзгерді

Төлқұжат пен жеке күәлік жасату құны өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжатпен пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ, олар құжаттарды алу үшін мемлекеттік баж салығы 2025 жылы өзгергенін еске салды.

Төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚО-ға бара аласыз.

"Мысалы, сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, айыппұл төлеу керек болады», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеге дейін өсті, сондықтан құжаттарды дайындауға арналған мемлекеттік баж салығы да өзгерді. Енді 36 парақты төлұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК, немесе 31 456 теңге, 48 парақ – 47 184 тенгені құрайды. Балалар төлқұжатының бағасы – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге. Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 787 теңге болады.

Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады, 1 күннен 3 күнге дейін қысқартылады.

Айта кетейік, жеке куәлік пен төлқұжат беру бойынша Мемлекеттік қызмет бүгінгі таңда сұранысқа ие қызметтердің бірі. 2024 жылы шымкенттіктер 106 мың жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеді.