Бүгін, яғни 1 наурыздан бастап телевизия саласындағы «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Байқауға 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады.
Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.
Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:
1. Үздік телевизиялық сериал
2. Үздік деректі фильм
3. Үздік ақпараттық бағдарлама
4. Үздік әлеуметтік жоба
5. Үздік ток-шоу
6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
7. Үздік тележүргізуші
8. Үздік тележурналист
9. Үздік режиссерлік жұмыс
10. Үздік аймақтық телеарна
Айта кетейік, биыл байқау бесінші рет өткізілгелі отыр. Ол алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.
Өткен жылдар ішінде мыңнан астам журналист қатысуға өтінім беріп, 178 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 48 маманы ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері сәуір айында белгілі болады. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.