​ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

​ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының ашық біріншілігі өтуде. Қала чемпионатында жалпы 50-ден астам жасөспірім бақ сынап жатыр. Түркістан облысынан да екі команда келген.

Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаев жарысты ашып беріп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Осы жасөспірімдерің арасынан келешекте ел намысын абыроймен қорғайтын дарынды спортшылар шығатынына сенім білдірді.

Сайысты өткізудегі мақсат – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жас ұрпаққа ұлттық спортты дәріптеу және көшпенділер ойындарын насихаттау, қала көлемінде тоғызқұмалақ ойынының бұқаралығын арттыру және жасөспірімдер арасында қаланың құрама командасын іріктеу.Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.

«Шымкент келбеті»