Тоқаев коронавирусқа қарсы бір жылда атқарылған жұмыстар туралы айтты

Тоқаев коронавирусқа қарсы бір жылда атқарылған жұмыстар туралы айтты

Тоқаев пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар туралы Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік, - деп жазды Президент Twitter-де.