Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізеді. Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралатын болады. Кеңеске орталық мемлекеттік органдар басшысы, өңір әкімдері қатысады», - делінген жазбада.