Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасов мәлімдеді.
- Қоғамдық көлікте егер қолма-қол ақша берсеңіздер кондуктордан міндетті турде жүру билетін талап етіңіздер. Егер билет бермесе немесе Төлем картаңыз бола тұра жүйе жұмыс жасамаса сіздер ТЕГІН жүруге құқылысыздар, - деді басқарма басшысы.
Қаладағы эпидахуалдың тұрақсыз екенін айтқан ол автобусқа мінгенде және халық көп шоғырланатын жерлерге барғанда міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтап, маска тағып жүрулерін сұрады.
Басқармаға келіп түсетін сұрақтардың 80% жолаушылар көлігіне қатысты. Сондықтан бүгінгі тікелей эфир барысында басқарма басшысы тұрғындарды мазалап жүрген сауалдарына жауап берді.