Тұранда биыл 6 көшенің құрылысы аяқталады

Тұранда биыл 6 көшенің құрылысы аяқталады

Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған. Бұл жөніде қала әкімінің Баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс нысанына барып, жұмыс барысын пысықтады.

«№8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады»,- делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте Тұранда №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.