Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев азаматтарды тұрғын үй мәселесі бойынша қабылдау жүргізді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан аса азамат тіркелген.
Басқарма басшысы Ғалымжан Утенбаев 70-ке жуық азаматты қабылдау барысында оларды тұрғын үймен қамту мәселесіне жіті назар аударды. Баспана кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен толық емес отбасы және көпбалалы аналардың өтінішін тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Баспана сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарды жалға алу тәртібімен баспанамен қамтамасыз ету – үлкен қолдау. Кезектегі азаматтардың жалдамалы баспанамен қамтылуы Заң аясында кезек реті бойынша жүргізіледі.
Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Оның ішінде: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 60, көпбалалы отбасылар санаты бойынша-378, Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы- 238, Жұмыс істейтін жастарға -300 пәтер үлестірілу қаралып, қолданысқа табысталды.
Соынмен қатар тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «2-10-20 Бақытты отбасы, «5-10-20» Шаңырақ» , 5-20-25 бағыттары арқылы жеңілдетілген несиелік баспанаға қол жеткізе алады.
Ал тұрғын үй кезегі санаттарына сәйкес келмеген атында тұрғын үй тіркелмеген барлық азамттар «7-20-25» бағыты арқылы жеңілдетілген несиелік бағытқа қатыса алады.
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының қабылдау күні әр аптаның тек сәрсенбі күні сағат 15.00-19.00 аралығында алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.