Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындары үшін «Арбат» саябағында «Халық заңгері» акциясы өтті. Акция аясында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар тегін көмек көрсетті. Бұл шара қалада алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері бірнеше мәрте сауда орталықтары мен саябақтарда кездесу өткізілген.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Тұрғындардың мәселелерін шешу және тегін заң көмегін көрсету. Шарада кез-келген азамат мемлекеттік орган өкілдеріне өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап ала алады.
Сұрақтардың басым көпшілігі жылжымайтын мүліктерді заңдастыру мен жер учаскелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, жалғыз басты аналардың алимет ала алмай жүргендіктері анықталып, кеңес берілді. Алдағы уақытты қаузалған мәселелер аяқсыз қалмайды дейді заңгерлер.
«Шымкент келбеті»