Тұрғындардың өтініші бойынша автобус бағыты арғымаққа дейін ұзартылды

Тұрғындардың өтініші бойынша автобус бағыты арғымаққа дейін ұзартылды

Бүгін қалада Қазығұрт шағынауданына дейін қатынайтын №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі М. Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен еді. Жергілікті азаматтар М.Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.

Қазір №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус қосылды. Аталған маршрут 11 шағынаудан аралығын қамтиды.