Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады

Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады.

Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені - 42 метр, 6 жолақты.

Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған.

Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды.